Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды ашу арқылы тұрғындарды жаға жұмыс орындарымен қамту керектігін айтып келеді. Жамбыл ауданында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Ауданда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Биыл жалпы құны 4,2 млрд. теңгеге 17 бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылуда (Айшабибі, Шоқай ауылдарында мектеп құрылысы, Бесағаш, Түрксіб, Қаракемер — 3 елді мекеннің ауыз су құбыры, Аса ауылында кәріз жүйесін қалпына келтіру, 13 елді мекенге магистральды газ құбырын тарту, 3 елді мекенде учаскелік полиция пункті ғимаратын салу, 5 елді мекенде спорт кешені құрылысын жүргізу). Бұдан бөлек, 2022-2023 жылдары жалпы сомасы 5,6 млрд. теңгеге 11 жобаның құжаттары қаржыландыруға дайын. (Атап айтқанда, Шоқай ауылындағы мектеп құрылысын аяқтауға қосымша қаржы, 4 тұрғын үй құрылысын жүргізу (5 қабатты – жалпы 320 пәтер), осы тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желісін тарту, Аса ауылында темір жол өткелі құрылысын жүргізу, Қызылқайнар ауылында 180 орындық клуб құрылысы, Аса ауылында мұражай құрылысы, Бесағаш ауылында спорт кешені құрылысы, Аса ауылында қаңғыбас иттерге арналған орын-жай, Аса ауылында жаңа тұрғын үй массивіне электр жарығы мен қиыршық тас төсегенге және Айшабибі ауылында жаңа тұрғын үй массивіне қиыршық тас төсегенге). 2023-2025 жылдары іске асыруға 15 жобаның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде (4 елді мекенді ауыз сумен қамту жобасы, Аса ауылында 5 қабатты 2 тұрғын үй (160 пәтер), 4 елді мекеннің жаңа тұрғын үй массивін инфрақұрылыммен қамту, 1 спорт кешені құрылысы, 2 округтің әкімшілік ғимараты құрылысы, 1 елді мекеннен клуб құрылысы, 3 елді мекенге магистральды және ауылішілік газ құбырын тарту жобасы, Гродиково шекара заставасы ғимараты қазандығын газға ауыстыру жобасы, 3 темір жол станциясы аумағындағы елді мекенді электр жарығымен қамту (аудандық РЭС-ке ауыстыру), Тоғызтарау ауылында Аса өзенінің арнасына шлюз орнату жобасы). Ауданда тұрғын үй кезегіне 1 812 адам тіркелген (оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 143 бала, әлеуметтік әлсіз топтағы 732 адам, көпбалалы отбасы — 567, мемлекеттік қызметші — 358).
2021 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 5 қабатты 76 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында — Көпбалалы аналарға 5 тұрғын үй берілді. Бұдан бөлек көптеген жобалардың жүзеге асырылуы мерзімі бірнеше жылдарды қажет ететі. Бұл дегеніміз әр жылдары Жамбыл ауданындаң бос жұмыс орындары ашылады.