Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – елімізде алдыңғы орынға шығарылып отырған мәселелердің бірі, экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Сондықтан, елімізде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында түрлі жобалар қолға алынды.
2022 жылдың 1-ші қарашасындағы мәлімет бойынша, Жамбыл ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6 214 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 123,4 пайызды артқан. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер – 3375 субъект, шаруа қожалықтары – 2583 субъект және заңды тұлғалар – 255 субъект.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 2022 жылдың 9 айыны 7191 адамнан құрап, жыл басымен салыстырғанда 2,6 пайызды өскен.
Кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарламалардың бірі – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Оны іске асыру мақсатында Жамбыл ауданында 2022 жылы жоспарға сәйкес – 20 жобаны қаржыландыру жоспарланса, 1 қарашадағы жағдай бойынша 58 жоба жалпы сомасы 623,2 млн.теңгеге қаржылық қолдау алды.
Оның ішінде:
пайыздық ставканы субсидиялау бағыты бойынша — 23 жоба немесе 142,4 млн.теңгеге қаржыландырылды.
Кепілдік беру бағыты бойынша — 32 жоба немесе 345,2 млн.теңгеге қаржыландырылды.
Бағдарламаның өндірістік жетіспейтін инфрақұрылымды тарту бағыты бойынша — 3 жоба немесе 135,6 млн.теңгеге қолдау алды.
Олар – ЖК «Rn-Transportas»-65,0 млн.тг, ШҚ «Сана» мал бордақылау алаңы-47,0 млн.тг, «Алтын бұлақ» агро туристік орталық 23,5 млн.тг).
Қазақстан экономикасының дамуындағы оң үдеріс елімізде әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын өсіруді қамтамасыз етіп отыр. Экономиканың бүкіл салаларының тұрақты өсуі, халықаралық қауымдастықтың елімізді мойындауы Қазақстан қоғамының берекелі өмірінің негізі болып отыр. Осы орайда индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыстың индустриалды даму картасына 2021-2022 жылдары аудан тарапынан бес жоба енгізілді. 2021 жылы екі жоба іске қосылды («Аса агро» ЖШС, «Аса Даму» ЖШС).
2022 жылы іске қосылады деп жоспарланып отырған «Ерсад 2021» ЖШС тігінді емес материалдарыншығару цехының құрылысы» жобасы. Жоба құны 1,7 миллиард теңге.
2023 және 2025 жылдарға іске асырылуы жоспарланған 2 жоба – «Генезис» ЖШС жылыжай кешені, «Оргстрой» ЖШС гипстан тамақ қоспаларын шығару цехы.
Next Post