Келесов: Мемлекет ешкімді қамқорлықсыз қалдырмайды
Белгілі бір кезеңнен өткен сайын жетістіктерімізді саралап, кемшіліктерді зерделеп, келешекке бағыт-бағдар белгілеп отыру – заңды құбылыс. Еліміздің өткеніне шолу жасап, келешекте болатын оңды өзгерістердің жаршысына айналған Президенттің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдаулары осындай игі мақсаттардан туындап отыр.
Президентіміздің 1-қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы да еліміздің қоғамдық өмірінде басты оқиға болып табылды, өйткені бұл – жаңа міндеттер, жаңа үміттер, жаңа жетістіктерге ұмтылыс. Жолдауды еліміздің биылғы және алдағы дамуы мен өркендеуінің тыңғылықты түрде әзірленген жоспары деуге де болады. Онда қол жеткізген жетістіктеріміз бен шешілуі тиіс мәселелердің бірде-бірі ұмыт қалмаған, қоғамды толғандырып жүрген жағдайлардың барлығының жөн-жобасы айқындалып, оларды оңтайлы шешудің жолдары көрсетілді.
Президентіміз экономикамыздың барлық саласын қамти отырып, әр салада атқарылуы тиіс міндеттерді белгілеп берді. Соның ішінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша да біз өзімізге бекітілген міндеттерді жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстарды атқарып келеміз.
Жалпы, мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын, соның ішінде Президенттің Жолдауындағы әлеуметтік мәселелерді іске асыру Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан негізгі үш бағытта жүзеге асырылуда. Олар: халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету.
Мемлекетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатындықтан, Президенттің Жолдауларында халықты тұрлаулы жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді.
Жолдауға сәйкес халықты жұмыспен қамту бағытындағы жаңа саясат тетіктері белгіленіп, оны жүзеге асыруда бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Президенттің тапсырмасына сәйкес 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құрудың облыстық жоспары 6,2 мың жұмыс орны болып бекітілсе, бүгінгі күнге облыста 11,0 мың жұмыс орны құрылып, жоспар артығымен орындалуда.
Негізі халықты жұмыспен қамту мәселелері биылдан бастап Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (ары қарай – Ұлттық жоба) аясында іске асырылуда. Биыл Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 49 500 адамды тарту жоспарланған болатын. Жыл басынан жоспар 132,0 пайызға орындалып, 65350 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды (соның ішінде бос жұмыс орындарына — 27955 адам, кәсіптік оқытуға — 933 адам, онлайн оқытуға — 1560 адам, «Бастау бизнес курстарына»-19800 адам жолданып, 2158 адам мемлекеттік грант алды, алғашқы жұмыс орындарына-179 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1 150 адам, жастар практикасына 1738 түлек жолданып, ақылы қоғамдық жұмыстарға 9293 жұмыссыз тартылды, «Күміс жас» жобасына-269 адам, Ұрпақтар келісімшартына -31 адам жолданды).
Жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 33879 адам болса, есепті кезеңге 40615 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 119,9 пайызға орындалды. Сонымен қатар, тұрақты жұмысқа 23296 адамды орналастыру жоспарланып, барлығы 27955 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды немесе жоспар 120,0 пайызға орындалды.
Қысқа мерзімді 3 айлық кәсіптік оқыту курстарында 853 адамды оқыту үшін 201,1 млн.теңге қаралды. Есепті мерзімге 933 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданып, жоспар толығымен орындалды. Жұмыс берушінің жұмыс орнында оқытуына 284 адам жолданды.
Ұлттық жоба аясында әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 1030 орынға 295,3 млн.теңге қаралып, есепті кезеңде 1150 адам жолданды, оның 380-і жұмысын аяқтаса, 362-сі немесе 95,2 пайызы тұрақты жұмысқа тұрды.
Сонымен қатар, жастар практикасына барлығы 1262 орынға есепті кезеңде 1738 түлек жолданды. Оның оның 461-і жұмысын аяқтаса, 405-сі немесе 87,9 пайызы тұрақты жұмысқа тұрды.
Ақылы қоғамдық жұмысқа барлығы 7627 адамды тартуға 4597,0 млн.теңге қаралып, бүгінгі күнге қоғамдық жұмыстарға 9293 адам жолданды.
Осы бағыт аясында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы есепті мерзімге 179 адам жолданды (жоспар – 124 адам). Облыстық жоспар 144,4 пайызға орындалды.
«Ұрпақтар келісім шарты» жобасы арқылы 31 адам жолданды (жоспар-29). «Күміс жас» жобасына 269 адам жолданды (жоспар-249 адам).
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша онлайн оқыту курстарына 19771 адам жолданып, 15162 адам оқуларын аяқтады (жоспар 4000 адам).
Сонымен қатар, Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлікті дамытуға 2630 адамға 400 АЕК мөлшерінде 3 345,4 млн.теңге мемлекеттік қайтарымсыз гранттарды беру қарастырылды. Он айда облыс бойынша 2158 адамға 2643,9 млн.теңгеге қайтарымсыз гранттар берілді. Грант беру жұмыстары қаржыландыру жоспарына сәйкес орындалуда.
Халықты жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жұмыссыздық деңгейі 2022 жылдың 2-ші тоқсанындағы 5,0 пайыздан төмендеп, 3-тоқсанда 4,9 пайызды құрады (республикалық көрсеткіш – 4,9%).
Халықты жұмыспен қамту бағытындағы маңызды шаралардың бірі жастарды жұмыспен қамту болып табылады. Президент өз Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін атай отырып, еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс берілетінін жеткізді.
Осы жұмыстардың алғышарты ретінде жастарды жұмыспен қамту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында ағымдағы жылдың 1 — қарашасына жұмыспен қамту органдарының ықпалымен 29-жасқа дейінгі жастардан 25588 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, ондағы 7798 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасса, 330 жас қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 525 жас онлайн оқытуға, 1738 түлек жастар практикасына, 189 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 1888 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 30 — жас «Ұрпақтар келісім шартына», 179 — жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 11391 жас «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданып, 1520 жас қайтарымсыз грант алды.
Жастарды жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталып, жастар жұмыссыздығының деңгейі 2022 жылдың 2-ші тоқсанындағы 3,1 пайыздан төмендеп, 3-тоқсанда 3,0 пайызды құрады (республикалық көрсеткіш – 3,8%).
Президент Жолдауына сәйкес жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға 2023 жылдан бастап жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Осыған сәйкес жастардың кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге кредиттер беруге Еңбек министрлігіне 2023-2025 жылдарға 1084 жасқа 5,4 млрд.тг. бюджеттік өтінім жолданды.
Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу бағытында да түбегейлі оңды өзгерістер орын алуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталды. Бұл Карта — әлеуметтік мәртебесіне қарай кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқықтары туралы әрбір азаматқа ақпарат берудің құралы. Яғни, азаматтардың күн сайынғы «электрондық жаршысы». Осы Карта әлеуметтік көмек алатын азаматтарға тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады.
Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы белгіленген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін әлеуетті алушыға СМС-хабарлама жіберіледі. Келісім алғаннан кейін – әлеуметтік жәрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлері тағайындалып, кейін алушының банк шотына аударылады.
Осы орайда қазан айынан бастап атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) үміткер отбасыларына смс хабарламалар жолдануда. Осындай смс хабарлама – 395 отбасына жолданып, соның негізінде 210 отбасына АӘК тағайындалған, 87 отбасының құжаттары қаралуда, 98-не түрлі себептермен бас тартылған.
Ал, жалпы 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен 48613 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,2 млрд.теңге қаржы қарастырылған (РБ – 3 192,4 млн.теңге, ЖБ- 1016,0 млн.теңге). Ағымдағы жылдың 1 қарашасына атаулы әлеуметтік көмек 8561 отбасындағы 44752 адамға 2,8 млрд.теңгеге тағайындалып, төленді.
Көмек алушыларды масылдық пиғылдан арылту мақсатында жұмысқа жарамды азаматтарын жұмысқа тарту шаралары қабылдануда. Ағымдағы жыл басынан АӘК алушылар қатарындағы еңбекке жарамды мүшелерінен 2140 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып отыр (оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына 1633 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 308 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 92, қысқа мерзімді оқу курстарына 61 адам, жастар практикасына 9 адам жолданып, 37 адам жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін қайтарымсыз грант алған).
Осындай бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылғы есепті мерзіммен салыстырғанда АӘК алушылар 2560 отбасы 12888 адамға немесе 21,7%-ға төмендеген.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен АӘК алушы отбасыларындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 16347 баланы қамту жоспарланып, оған барлығы 1,3 млрд.теңге қаржы қарастырылған болатын (РБ – 1147,1 млн.теңге, ЖБ- 218,0 млн.теңге). Қаңтар-қазан айларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12195 бала қамтылып, 524,1 млн.теңге төленді.
Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мемлекеттің қастерлі борышы және әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда Президент өз Жолдауында: «Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз», — деп атап өткен болатын. Бұл бағытта облыста да тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда.
Қазіргі уақытта облыс бойынша 45718 мүгедектігі бар адам тіркелген (оның ішінде 1-ші топтағылар – 4204 адам, 2-ші топтағылар — 17252, 3-ші топтағылар — 17488 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі барлар саны – 6774 адам). Бұл облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,9%-ды құрайды.
Мүгедектігі бар адамдарды қажетті арнайы оңалту құралдармен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы республикалық бюджеттен 1,7 млрд.теңге және облыстық бюджеттен 297,3 млн.теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 11215 мүгедектігі бар адам тиісті бұйымдармен қамтамасыз етілуде (сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық құралдар, кресло-арбалар, протез-ортопедиялық мен компенсаторлық құралдар және санторлы-курорттық емделу).
Сонымен қатар Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен бөлінген 1,5 млрд.теңгеге 9300 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтылуда (гигиеналық құралдармен, ымдау тілінің маманының қызметі, жеке көмекшінің қызметі, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет).
Жыл басынан 9672 мүгедектігі бар адам 19542 техникалық оңалту құралдарымен және оңалту қызметтерімен қамтылып, оған республикалық және жергілікті бюджеттерден 962,4 млн.теңге қаржы жұмсалып отыр.
Әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 89,2%-ды құрап отыр (жылдық жоспар – 85%). Порталда 21898 өтініш тіркеліп, 19542 өтініш қанағаттандырылды. Бұл республикадағы алдыңғы 4-ші орын көрсеткіші (республикалық орташа көрсеткіш – 82,0%).
«AMANAT» партиясының «Өзгеру жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының 84-тармағына сәйкес 2022 жылдың соңына қарай стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 40%-ды құрауы тиіс. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1295 нысанды бейімдеу, ал 2022 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланған.
Тараз қаласы мен аудандарда бүгінгі күнге бейімдеу жұмыстарына 242 нысанға 232,4 млн.теңге қаржы бөлініп, 180,9 млн.теңге қаржыға 198 нысан бейімделуден өтіп, олардағы жұмыстар толығымен аяқталған. Сонымен қатар, 44 нысанға 51,4 млн.теңге қаржы бөлінді. Бейімдеу жұмыстары жыл соңына толық аяқталады.
Облыс көлемінде 18 медициналық-әлеуметтік мекемелерде 1689 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Атап айтсақ, 7 стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 1098 қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға, 9 жартылай стационар жағдайындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және бейімдеу орталықтарында 319 мүгедекті бар адамдарға және 2 тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталықтарында жыл басынан 272 адамға қызметтер ұсынылды.
Қорыта айтқанда, Жолдау жүктеген ауқымды міндеттерді өз құзіреті шегінде жүзеге асыру біздің Басқарманың басты міндеті болып қала бермек.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов