Аудан шаруалары қолдаудан кенде қалмайды

Жамбыл ауданында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Алқаптан сөреге» бағдарламасы аясында ауданның дүкендеріне делдалсыз тікелей отандық тауар өндірушілермен келісім шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жататын 3 тауар түріне 40 сауда орнымен келісімшарт жасалды. Атап айтқанда картоп – 6,1 тоннаға, пияз – 800 келіге, сәбіз – 550 келіге.
Нәтижесінде, Қаратөбе ауылдық округі аумағындағы «Егізбаев» шаруа қожалығының ауылдық округтердегі 22 сауда орындарына картобы жеткізілді. Қызылқайнар ауылдық округі «Саурық» шаруа қожалығы 2 сауда орнымен келісім шарт жасап, 500 келі өткізуде. Ал Қарой ауылдық округі «Бақберген» шаруа қожалығы мен 1 сауда орнымен 500 келі пиязға келісімге тұрып өнім өткерілуде. Сондай-ақ, Шайқорық ауылдық округі «Бүркітәлі» ШҚ 1 дүкенмен келісімге тұрып 300 кг пияз өткерілуде. Сол секілді Полатқосшы ауылдық округінде 2 шаруа қожалығы 2 сауда орнымен келісімге тұрып, 550 кг сәбіз өткерілген.
Ағымдағы жылдың 9 тамызынан аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі жанынан «Call» орталық құрылып, әлеуметтік желілермен аудандық газетке хабарландыру берілген. Алгоритмге сәйкес ауыл шаруашылығы бөлімі аудан аумағында өнімі жиналып жатқан қожалықтар туралы ақпаратты орталыққа жолдайды, орталық ақпаратпен ауылдық округтерді хабарландырады. Ауылдық округ әкімдері өз кезегінде сауда орындарынан өтінімдерін жинап шаруа қожалықтан өнімнің жеткізілуін әр округ өз күшімен қамтамасыз етеді.
Нәтижесінде бүгінгі күнге «Бесағаш Ынтымақ», «Жәңгір» «Н.Мұратов», «Саурық» және «Азат», «Қызыл дихан» шаруа қожалықтарынан және «Аса даму» ЖШС-нен 16 ауылдық округтегі 46 дүкенге 5 893 кг пияз, 23 дүкенге 2 670 кг картоп, 1 дүкенге 35 кг сәбіз, 3 дүкенге 500 кг қырыққабат,43 дүкенге 13 860 дана жұмыртқа жеткізіліп сатылуда. Жалпы қамтылғаны 76 дүкен. Жұмыстар жалғасуда.
Сауда орындарындағы жеткізілген тауарлардың үстемелері 15 пайызды мөлшерінде сақталуда.
Мысалға:
— Пияз алқаптан 50-55 теңгеден жеткізіліп, 60-65 теңгеден өткерілуде. Нарық бағасы 85-90 теңге.
— Картоп алқаптан 100-110 теңгеден жеткізіліп, 115-125 теңгеден өткерілуде. Нарық бағасы 150-170 теңге.
— Сәбіз алқаптан 110 теңгеден жеткізіліп, 120 теңгеден өткерілуде. Нарық бағасы 160-170 теңге.
— Жұмыртқа фабрикадан 30-35 теңгеден жеткізіліп 35-40 теңгеден сатылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.