Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттау көпшіліктің қалтасына салмақ салып отырған мәселе болып тұр. Осыған орай, аталған тауарлар бағасының көтерілуін қадағалау бағытында облыстық кәсіпкерлік басқармасынан алгоритм әзірленгені белгілі. Аталған жұмыстар аясында Жамбыл облысы бойынша бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен (ЕРСОП) базалық жүйесіне кіру кілті алынды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөнінде тиісті шаралар жүргізілуде.
Бүгінгі күнге 3 сауда орнына ресми түрде ескерту беріліп ЕРСОП жүйесіне тіркелді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 12 тамызында Жалпақтөбе ауылында орналасқан «Достар» дүкені иесі Н.Маюфиге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204 бабының 2 тармағына сәйкес 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұл көлемі жалпы 30630 теңгені құрады. Ол айыппұлды 7 күннің ішінде төлеуіне байланысты құны жалпы мөлшерінің 50 пайызы – 15315 теңгені құрап, айыппұл төленді.
Ал форвардтық келісімдер жасау мақсатында Гродиково ауылдық округінен жеке кәсіпкер М.Сүлейменова тұрақтандыру қорынан «айналым қаражатына» 0,01 пайызды пайызбен ағымдағы жылы қыркүйек айында «Тараз» ӘӘК тұрақтандыру қорынан 15,0 миллионтеңге несие алды.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің 19.10.2020 жылғы №517 қаулысымен белгіленген стационарлы емес сауда орындары белгілен. Аса ауылының орталығынан белгіленген жер телімінде «Азат» шаруа қожалығы пияз өнімдерін 50 теңгеден өткерді. Бұдан басқада шаруа қожалықтар өз өнімдерін өткеруде.
Осыған орай, Аса ауылында орналасқан әлеуметтік дүкенде (ЖК «Мәңгілік) сүт өнімдерімен Жуалы ауданының «Бурненская молочная компания» ЖШС-мен келісімге тұрып, тауары өткерілуде.
Жеке кәсіпкер Р.Жанқожаева Байзақ ауданының «Әулие ата құс» ЖШС тауық еті өнімдерін тікелей фабрикадан жеткізіп сатып жатқандығы анықталды.
Сондай-ақ, ауданда тіркелген 2 наубайхана және 8 күлше нан шығаратын шағын цехтар жұмыс істеп тұр. Наубайханалар І-сұрыпты ұнның 1 кг 143-147 теңгеден алуда. Аудандағы екі наубайхананың бір күндік өнім шығарылымы 2 000 дана қалыпты нан. Аудандағы елді мекендерге Тараз қаласының «Хлебный Дар» нан зауытынан бір бөлке қалыпты нанның бағасы 97 теңгемен жеткізілуде. Дүкендердегі сатылым бағасы 100 теңге (Аудан халқының бір күндік тұтынатыннан көлемі 12,0 мың дана қалыпты нан).
Prev Post