Жердің төсін емген диқан дарды кетпен асырайтыны ақиқат. Ала жаздай бел жазбай еңбек еткен диқан дар үшін қазір қауырт шақ. Қазіргідей қызу науқан шаруаның сылбыр қимыл дағанын күтпейді. Өйткені, күздің қоңыр салқын күні әп сәтте түрленіп сала береді. Жамбыл ауданы – егін шаруашы лығына қолайлы өңір. Бүгінде жергілікті диқандар жауапты науқан ды аяқтауға жақын қалды. Оны біз кеше аудан әкімдігінің кезекті мәжілісінде аңғардық. Аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме- ұйым басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысқан жиында егін жинау шараларын қорытындылау және күзгі егіс жұмыстарының барысы туралы мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар биылғы жылы себілген дақылдар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 360 гектарға артқанын, 17887 гектар масақты дәнді дақылдар орылып, егін орағына 56 комбайн қатысқанын, әр гектардан орта есеппен 19,2 центнерден өнім алынғанын сөз етті. Бүгінгі таңда 1859 гектар дәндік жүгері, 599 гектар картоп, 8888 гектар көкөніс, 3020 гектар майлы дақылдар жиналуда. Сондай-ақ, өңірде биыл 335 гектар қант қызылшасы жиналады деп күтілуде. Бүгінде қазық жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Қазірге дейін 186444 тонна шөп, 11000 тонна пішендеме, 44510 тонна сабан, 10000 тонна сүрлем дайындалды. Жалпы күзгі дала жұмыстарына 228 трактор, 92 соқа, 55 дәнсепкіш, 13 тұқым дәрілегіш жұмылдырылды. Жаңа техника – сапалы жұмыс кепілі десек, аудан бойынша биылғы 8 айда 430,05 млн теңгеге 39 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған. Осы күзде келесі жылдың өніміне егілетін дақылдар үшін 34850 гектар сүдігер көтеру жоспарланса, оның 2000 гектары қант қызылшасына арналып отыр. Биыл аудан бойынша 4580 гектарға күздік бидай себу жоспарланып, межелеген алқапқа қажетті 824 тонна бидай тұқымы шаруашылықтарда дайындалды. Дайындалған тұқымның 451 тоннасы лабораториялық сараптамадан өткізілді. Ендігі жерде күздік бидай себудің ғылыми негізделген оңтайлы мерзімінің келгенін ескеріп, маңызды науқанды жауапкершілікпен атқару міндеті тұр. Бұл тұрғыда дала жұмыстарына 455 тонна дизель жанармайы бөлінген. Бүгінде таратушы оператор – «Таң» және «Sam OIL» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арқылы 108 шаруа қожалыққа 345,9 тонна дизель отыны берілді. Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Жалпы алғанда ауданда өнім көлемі біршама жақсарған.