Жиһаз жасап, тауарын айналымға шығарған кәсіпкер

Жұмыссыздықты азайту мен ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде аудандарда шағын кәсіпкерлік түрлері арта түсті.

Шағын болса да өз кәсібін дөңгелентіп, нәпақасын тауып отырған жандар қатары күннен-күнге артып келеді. Солардың бірі Қарабұлақ кентінің тұрғыны Әли Бамишийн. Ол тұрмысқа қажетті жиһаз жасаумен айналысады. Кез келген үйді, кеңсені жиһазсыз елестету мүмкін емес. Себебі әдемі жиһаз – үйдің сәні. Осыны түсінген жас кәсіпкер заманауи үлгідегі жиһаз жасауды қолға алған. Әкесімен бірге жиһаздың барлық түрін дайындайтын Әлидің шағын шеберханасы нағыз еңбектің алтын ордасына айналған.

Жақсы жаңалықты естіген сайын журналистер қауымы оның жаршысы болуға асығатыны белгілі. Редакцияға Гродеково ауылында жиһаз өңдейтін цех ашылды деп хабарлаған аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиевпен бірден сол орынға жол тартып кеттік. Ақжол көшесінің бойында орналасқан «Ulara mebel» деп аталатын өндіріс орны алыстан көз тартып, бізді одан бетер қызықтыра түсті. Қуанышымызға орай онда өндіріс басшысы да, жұмысқа қызу кіріскен жұмысшылар да – бәрі жүр екен. Жақсы жаңалықты естіген сайын журналистер қауымы оның жаршысы болуға асығатыны белгілі. Редакцияға Гродеково ауылында жиһаз өңдейтін цех ашылды деп хабарлаған аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиевпен бірден сол орынға жол тартып кеттік. Ақжол көшесінің бойында орналасқан «Ulara mebel» деп аталатын өндіріс орны алыстан көз тартып, бізді одан бетер қызықтыра түсті. Қуанышымызға орай онда өндіріс басшысы да, жұмысқа қызу кіріскен жұмысшылар да – бәрі жүр екен.

Жас шебердің айтуынша, бір қараған адамға кәдімгі тақтай болып көрінген дүниенің қиюын келістіріп, әдемі жиһаз етіп шығару оңай шаруа емес.

– Әр саланың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Сол секілді жиһаз жасаудың да өзіндік қыр-сыры бар. Осы кәсіпті дамытуға бар күшімді салып келемін. Жасаған жиһаздарымды тұтынушылар мақтап жатады. Бұл біздің мерейімізді өсіріп, жұмысқа деген ынта-жігерімізді оятады. Әкем екеуміз талғамы жоғары тұтынушының ойын дөп басып, көңіліндегідей етіп жасап шығару үшін күндіз-түні жұмыс істеп, барымызды саламыз. Ендігі мақсат – кәсібімізді дамыту. Болашақта жаңа технологияны қолға алып, жаңа жиһаз түрлерін шығаруды қолға алуды жоспарлап отырмыз, – дейді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.