ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ӨРТТЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ  

Жылыту маусымы кезеңінде пеш пен жылыту қазандықтары, газ құрылғыларын қолданған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақталмауынан және пеш құбырлары ақауының салдарынан өрт саны күрт өседі.

Осыған орай, тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкрелері және аудандық «КазТрансГазАймақ» филиалының қызметкерлерімен бірігіп, аудан көлемінде орналасқан тұрғын үйлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Рейд жүргізу барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, пештің жылыту жүйесі ережелердің өрескел бұзылуы, пеш және түтін шығу орнының ақаулы жұмыс жасауы салдары улы газға уланудың себептерінің бірі болып табылатыны түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.