Ербол Жиенқұлов — Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

 

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының өкімімен аудан әкімінің ауылшаруашылық жөніндегі орынбасары болып Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы тағайындалды.

Жаңа басшысыны таныстырған аудан басшысы асыраушы саланы ілгерілету мақсатында бірқатар тапсырмаларды тапсырды.

Ербол Жұмабекұлы 1986 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.
2008 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «ветеринарлық-санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалының аға маманы болып бастаған.

2012-2017 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалында жетекші маман, бас маман;

2017-2020 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы,
2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы,
2021 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.