«Жасыңды көрсет, болашағыңды бағамдайын» деген сөз бар ежелден жеткен. Бізге дейін айтылған тәмсілдің астарына үңілсек, бүгінгі жас қандай болса, ел ертеңі де сондай болмақ деген ұғым жатыр. Қазіргі таңда осынша жастың ішінде 1257-сі жұмыссыз болып тіркелген. Демек, ауданның жастары әлеуметтік белсенді, жалынды һәм алымды. Мұнан өзге өлкеде «инемен құдық қазып», болашақ мамандығының тұтқасын қалап жүрген 500-ге жуық студентті қоссақ, жастардың белсенділігі жайлы сөз қозғамау әбден әбестік болар. Аудан жастарының көшбасшысы Жандар Тоқсаба өңірдегі жастар белсенділігі толайым тірлікке бастап жүргенін айтады. – Біздің миссиямыз – барлық жастың табысқа жетуіне жол ашу және Қазақстанның өткенін бағалайтын, бүгінгі күні батыл қимылдап, келешекке сеніммен қарайтын табысты азаматтардың жаңа буы нын қалыптастыру. Бүгінде аудан жастары арасында екі маңызды мәселені шешуге атсалысып келеміз. Соның бірі – жастар арасындағы жұмыссыздық. Шыны сол, аудан жастарының белсенділігі көңіл серпілтеді. Аудандық жастар ресурстық орталығы мен жұмыспен қамту орталығының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде 248 жас бос жұмыс орнына, 50-і жастар практикасына, 14-і әлеуметтік жұмыс орнына және 46-сы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Жастарды жұмыспен қамтуда «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының маңызы ерекше. Бағдарлама аясында көтерме жәрдемақы алуға 25, несиеге алуға 5 маманның құжаттарын рәсімдеу жоспарланды. Ағымдағы жылдың 5 айында 6 жас маманға көтерме жәрдемақы берілді (медицина – 1, білім – 4, мемлекеттік қызметкер – 1). Тұрғын үйге несие алу үшін 1 өтініш түсіп, бүгінде құжаттары рәсімделуде. Сондай-ақ, бұл орталық бүгінге дейін 73 әлеуметтік шара өткізіпті. Оған ауданның 500-ден аса жасы қатысқан. Атап айтқанда 20 шара азаматтық патриоттық бағыт бойынша ұйымдастырылса, 12 шара рухани-адамгершілік бағытын қамтыған. Көшбасшы жастар ұйымдастырған шаралардың 8-і «Жасыл ел» бағдарламасын, 3-еуі отбасы тәрбиесін, 14 салауатты өмір салтын, 16-сы әлеуметтік салалардағы жұмыстарды насихаттауға бағытталған. – Аудан аумағында жастардың достық қарым қатынасын ұлғайту, жастардың уақытын тиімді пайдалануды үйлестіру, қоғамның әлсіз топқа деген мейірімділігін көрсете отырып, қоғамдағы теңдікті сақтау, өскелең ұрпаққа Жастар саясаты турасында ауданда атқарылған жұмыстар жетерлік. Бұл туралы талай мәрте көк жәшіктен көрсетіп, басылым бетіне жаздық, айттық.