Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде өткен кездесуде атаулы әлеуметтік көмек мәселесі кеңінен сөз болып, осы жылы енгізілген, келер жылы күшіне енетін өзгерістер талқыға салынды. Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйле стіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Марал Ділдәбекова атаулы әлеуметтік көмек алатын мұқтаж жандарға мәнжайды Президент Жолдауымен сабақтастыра отырып түсіндірді.
– Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында елімізде алдағы уақытта жүргізілетін өзгерістердің, саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалардың нақты бағыт-бағдары белгіленді. Ең алдымен, ең төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа тәсіл енгізіледі.
Халықтың әл-ауқатын жақсартудағы келесі маңызды қадамның бірі – атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйе сін құру. 2023 жылдан баст ап Отбасының цифрлық картасы қалыптастырылады. Онда әрбір азаматқа көрсетілетін мемлекеттік қолдау іс-шаралары біріктіріледі. Бұл мемлекеттік қолдау бойынша нақты, ашық және түсінікті ақпарат алуға мүмкіндік береді, – деген Марал Аманжолқызы қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берді.
Келелі кездесуге аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айгерім Шынтасова, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Алтай Стамқұлов, әлеуметтік сала мамандары қатысып отырды.
Бұл күні атаулы әлеуметтік көмек бойынша кездесулер ауданға қарасты барлық ауылдық округте болып өтті.