Шу ауданының азаматы Азамат Бермухамедов Шу қаласы Liqui Moly жанармай құю бекетіндегі көлік жуу орталығын ашты.
2022 жылы жергілікті Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грантқа үміткер болу үшін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша сертификатын алып, қайтарымсыз гранттың II-ші легіне қатысқан Азамат Аскенұлы комиссия мүшелерінің алдында бизнес жобасын қорғап, 1225 200 теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантты ұтып алды.
Бүгінгі күні Шу қаласы Liqui Moly жанармай құю бекетіндегі көлік жуу орталығын жалға алып, автокөліктерге детейлингтік қызмет көрсетіп бизнесін жасап отыр.