Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына Марокко құрамасының шыққаны белгілі. Африкалық ұжым Португалияны жарыс жолынан шығарды. Аталған кездесуде коментаторлық қызмет атқарған Әлімжан Асқар ойынның соңында Qarakesek-тің әнінен үзінді оқыды.
Ширек финалда Португалия құрамасы Мароккоға есе жіберді. Есеп 1:0. Матч аяқталған соң Әлемдегі ең үздік футболшының бірі Криштиану Роналду көз жасына ерік берді. Осы кезде Qazsport телеарнасының коментаторы Әлімжан Асқар Португалия құрамасының аңыз ойыншысына өлең жолдарын арнады. «Тоңдырып тастаған өткен күнім, қурап солып қалды еккен гүлім. Өткен баста ұйқысыз түнім, таңдар қайда еді төккен нұрын», деп Криштиану Роналду жылап кетті. Қурап кетті», — деді ол.
Кейінірек Әлімжан Асқардың белгілі әнші Qarakesek-тің «Қураған гүл» туындысынан үзінді оқығаны белгілі болды. Айта кетейік, әлеуметтік желіде коментатордың тапқырлығына риза екенін жеткізіп, шығармашылық табыс тілеп жатқан жанкүйерлердің қарасы өте көп.