Желіде газсыз отырған халықты малға теңеген ауыл әкімінің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды asaaqparat.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Кейіннен белгілі болғандай, ол Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Махамбет ауылдық округінің әкімі Бейбіт Аманғалиев болып шықты.
Бейнежазбада тілшілер шенеунікке газсыз отырған халықтың шағымын жеткізеді. Алайда бұл сауал әкімге жақпай қалса керек, ол бірден ашуға булықты.
«Олар айта береді. Неге сендер халықты тыңдайсыңдар? Халық қазір мал боп кетті ғой. Білмейсіңдер мен соны? Мынау жұмыс істеп жатқан бізді тыңдамайсыңдар ма?», – дейді ол.
Тікелей түсірілім төмендегі сілтемеде👇