Жуырда Талас ауданында Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Дара тұлға, дана тұлға» атты облыстық ақындар айтысы өтті. Сөз барымтасында бас қосқан ақындар аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің өміржолы мен тарихи сәтте қабылдаған шешімдерін тілге тиек етіп, айтыстың тартысты өтуіне атсалысты. Айтысқа аудан атынан шыққан айтыскерлеріміз де қатысып, бірегей тұлғаны жаңа кейіптен таныта білді. Тартысты әрі қызықты өткен айтыста өрнектік Шапағат Сәбитқызы бірінші орынды қанжығасына байласа, екінші орынды Нұрлыбек Құрманов иеленді. Жүлделі үшінші орынды Айтмұханбет Исақов пен Алина Айдаралы жеңіп алды.