Сақтық: Жылыту қазандықтары қайта тексерілді

 

Қыс айы — тосын мінезге толы мезгіл. Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының тапсырмасына сәйкес, жауаптылар білім мекемелеріндегі жылыту қазандықтарын тағы бір зерделеп шықты. Мұның алдында яғни күз мезгілінде аудан көлеміндегі білім, мәдени нысандардағы жылу жүйелерінің қыс мезгіліне әзірлігі тексерілген болатын.
Құрамында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаев, Аса-су КММ басшысы және бірқатар бөлім мамандары Тоғызтарау, Құмсуат, Өрнек, Ерназар, Қаракемер ауылдарына түнгі уақытта барып, нысандардағы жылу температурасының сақталуын назарға алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.