Денсаулық сақтау жүйесін жаңартудың басты мақсаты — адамға өмір бойы медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз ету болып табылады. Жамбыл ауданында көлік медицинасын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Себебі тұрғындардың тең жартысы ауылдық жерлерде тұрады. Шалғайда тұратын тұрғындарға медициналық көмек қол жетімді болуы керек.
Шалғай ауылдардағы тұрғындардың денсаулығын нығайту – басты назарда. Осыған орай аудандық орталық аурухананың жылжымалы медициналық көмек тобы 24 рет елді мекендерге шығып, 10015 азаматқа көмек көрсеткен.
Жылжымалы жәрдемнің мақсаты – тұрғылықты халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, диагностикалық тексерулер арқылы ауруды бастапқы сатысында ерте анықтау.
Осы кезге дейін тұрғындарға невропатолог, гинеколог, стоматолог, рентгенолог, флюорография, кардиолог, УЗИ мамандары тарапынан көмек көрсетілді. Жалпы жоспарланған 11830 адамның 10015-і медицина мамандарына қаралды. Олардың ішінде қосымша диагностикалық тексерулерге 4072 адам жіберіліп, ауруханалық емді қажет ететін 60 науқас анықталды. Амбулаторлық емді қажет ететін тағы 500 науқасқа тұрғылықты мекенжайындағы учаскелік жа лпы тәжірибелік дәрігердің қадағалауына жолдама берілді. Әр жергілікті дәрігерлік амбулаторияда диспансерлік есепте тұрған науқастардың, мақсатты топтағыларға скрининг, алдын ала тексерілуден өтетін тұрғындардың тізімі жасалған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап ауыл тұрғындарына профилактикалық тексерулер жүргізуді бастады. Қазіргі таңда нысаналы топтың барлығы 17992 адамды құраса, оның 13898-і, яғни 77 пайызы орындалып, барлығы 166 адамнан түрлі аурулар анықталды. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарына сапалы профилактикалық тексерулер мен анықталған ауруларды уақтылы емдеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда заманауи медициналық кешендерді салу жұмысы да қарқын алуда. Мәселен, биыл Қаракемер дәрігерлік амбулаториясы ғимаратының құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, келер жылы Жаңаөткел ауылында жаңа медициналық пункт есігін айқара ашпақ. Сондай-ақ 2023 жылы Өрнек дәрігерлік амбулаториясы мен Тастөбе фельдшерлік-акушерлік пункті ғимаратт арына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, 2024 жылы Гродеково және Пригородное дәрігерлік амбулаториясын жаңғырту жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2024 жылы Қаратау, Тоғызтарау, Қостөбе ауылдарында, 2025 жылы Құмтиын, Бәйтерек, Қапал елді мекендерінде 3 медициналық нысан бой көтереді деп күтілуде.
Бұл атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Алдағы уақытта аталған ілкімді істер өз жалғасын тауып, межелер мен міндеттер кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Prev Post
Next Post