Ел ертеңі – жалынды жастар

Жастар саясаты елдегі саяси жүйенің ажырамас бөлігі. Сондық­тан елдегі саяси жүйенің аясынан жастар саясаты да шыға алмайды. Соңғы 10-15 жылдағы жағдайды қарастырсақ, жастар саясатының негізгі екі мақсаты болды. Бірінші­ден, елдегі жастарды саяси би­ліктің идео­логиясының ая­сында жинау. Бұл иерархия түрінде ұйым­дасты­рылған күш ретінде байқалды. Сол себептен еліміздегі жастар ұйым­дары мен әр өңірдегі жастар ресурстық орталық­тары­ның барлы­ғына да мемлекет тарапынан қолдау көрсе­тілді. Қаржы бөлінді. Екін­ші­ден, жас­тар саясатының тағы бір мақса­ты – елдегі басқарушы класты дайын­­­дау. Жастар саясаты арқылы карьера жасайтын аза­маттар әкім­ші­лік жүйеде қалады да, осы жол­мен бас­қа да мемлекеттік орган­дардан орын тауып жатады. Жас­тар саясаты осындай функция атқарып келді.
Қазіргі уақытта Жамбыл ауданының аумағында жастардың достық қарым-қатынасын, араласуын да ұлғайту, жастардың уақытын тиімді пайдалануды үйлестіру, қоғамның әлсіз топқа деген мейірімділігін көрсете отырып, қоғамдағы теңдікті сақтау, өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні бар құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі емес діни жат ағымдарға жастардың тартылуының алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарылған. Аудан жастарының уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорттық, мәдени іс-шаралар мен акция, форумдар, жастардың патриоттық сезімін ояту аясында арнайы шаралар өткізілді. Оған дәлел ретінде «Мейірімді істен қалт қалма», «Ардагерлерді ардақтайық» акцияларын айтуға болады. Жалпы, 17 ауылдық округтегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылардың интернет желісінде жеке парақшалары ашылған. Атап айтқанда, Facebook, ВКонтакте, Instagram желілерінде республика, облыс, аудан және ауылдарда өткізілген шаралар жүктеліп, әрдайым жаңартылады. Интернет желісіне спорттық, мәдени шаралар, акциялар мен форумдар және кездесулер жайлы ақпараттар үнемі жарияланады. Экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру мақсатында «Армандар қайда апарады?», «Деструктивті секталар», «Бейбіт өмір мен жанұяға қатер», «Экстремистер интернеттегі жастарды қалай қабылдайды?», «Сен және сенің болашағың» тақырыптарында жадынамалар, алгоритмдер, демотиваторлар «Жастар ресурстық орталығының» және ауылдық округтердің әлеуметтік желілеріне тұрақты жүктелген.
Заманның заңғар тұлғаларының бірі Міржақып Дулатов: «Алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе, мақтанамын» деп айтқанындай Жамбыл ауданының жігері жалындаған, жастық жанарынан тек жақсылықтың шуақы көрінетін арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты аудан жастары жаңа идеяларды жүзеге асырып, өміршең істердің бастауында тұрғанда бүгінгі жас ұрпақпен мақтанғанымыз да дұрыс шығар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.