Шаруалармен кездесулер 6 ауылдық округте өтті

ЖИЕНҚҰЛОВ 6 АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІ АРАЛАДЫ

 

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов Ерназар, Тоғызтарау, Өрнек, Қаракмер, Қарасу, Көлқайнар ауылдық округтерінде болып,шаруа қожалық басшылары және ауыл кәсіпкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында 2023 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық жұмыстары, ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту және шаруашылықтардың қажетті тұқымымен қамтылуы, су балансы және пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы (егістік, жайылым) жерлер туралы және сыбайлас жемқорлықтын алдын алу шаралары және азық түлік дүкендерінде бағаны тұрақты ұстау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шаруа қожалықтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, туындаған мәселелерді шешу үшін өзімімен бірге барған бөлім басшыларына арнайы тапсырмалар берілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.