«Казфосфат» зауытының қалдықтарын кәдеге жаратуда
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл ауданындағы үлкен аумақты алып жатқан «Казфосфат» зауытының үйінділерін шаруалар кәдеге жаратуға кірісті.
«Казфосфат» ЖШС, Қазақстан су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты және «Қызылдихан» өндірістік кооперативі арасында үшжақты келісім шарт жасалып, өндірістік кооперативтің егіс алқабына 300 тонна фосфогипс жеткізілді.
Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы:
– Фосфогипс химиялық минералды егістікке, сортан, сор жерлерге төселіп, тұзды өзінің бойына сіңіріп өсімдіктің өнуіне жақсы әсер етеді. Оның үстіне алқаптағы өнімділікті екі есе арттыруға мүмкіндік береді. Құрамында фосфор бар, топырақтың құрамындағы тұздармен араласып тынайтады. Гектарына қажетті мөлшері 5 тоннаны құрайды.
Бұл өз кезегінде аймақтың басты мәселесіне айналған үйіндіні азайтуға септігін тигізбек.
Бүгінгі күнге 2560 тонна үйіндіні шаруалар алқабына жеткізсе, Жамбыл ауданына 600 тонна үлестірілді, — дейді аудан басшысы.
Тыңайтқышқа өтінім беру үшін шаруа жергілікті әкімдіктегі ауылшаруашылығы бөліміне сұраныс жолдауы керек
Алдағы уақытта Ауылшаруашылығы министрлігіне техника тасымалына субсидия қарастыру мәселесіне сұраныс жіберілді.
аудан әкімдігінің баспасөз қызметі