«Казфосфат» қалдықтары кәдеге жаратылуда

ЗАУЫТ ҮЙІНДІЛЕРІНІҢ 15560 ТОННАСЫ ҮЛЕСТІРІЛДІ

 

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл ауданындағы үлкен аумақты алып жатқан «Казфосфат» зауытының үйінділері кәдеге асырылуда.

Шаруалар «Казфосфат» ЖШС, Қазақстан су шаруашылығы ғылыми зерттеу институты арқылы үш жақты келісім шарт жасалып, 15560 тонна үйінді өткерілді. Оның ішінде

Ш.Ниязбеков, Шайқорық, Қапал ауылдарындағы шаруалардың егістігіне 5000 тонна, Түркістан облысына 1500 тонна, Байзақ ауданына 5000 тонна, Қызылорда облысына 1500 тонна және 2560 тонна аудан шаруаларына үлестірілді.

 

Бұл туралы Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly :

– Фосфогипс химиялық минералды егістікке, сортан, сор жерлерге төселіп, тұзды өзінің бойына сіңіріп өсімдіктің өнуіне жақсы әсер етеді. Оның үстіне алқаптағы өнімділікті екі есе арттыруға мүмкіндік береді. Құрамында фосфор бар, топырақтың құрамындағы тұздармен араласып тынайтады. Гектарына қажетті мөлшері 5 тоннаны құрайды.

Бұл өз кезегінде аймақтың басты мәселесіне айналған үйіндіні азайтуға септігін тигізбек, — дейді аудан басшысы.

 

Тыңайтқышқа өтінім беру үшін шаруа жергілікті әкімдіктегі ауылшаруашылығы бөліміне сұраныс жолдауы керек

Алдағы уақытта Ауылшаруашылығы министрлігіне техника тасымалына субсидия қарастыру мәселесіне сұраныс жіберілді.

 

аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.