«Бейбітшілік және келісім» жобасы — ауданымызда
Бүгін Жамбыл ауданында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында аудан активімен кездесу өткізіліп, жұмыс бағыттары таныстырылды.
Актив жиынында облыс әкімдігінің бірқатар басқарма басшылары мен орынбасарлары әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу және бизнесті дамыту, этносаралық және конфессияаралық келісім бойынша сөз алып, жоба мақсатын түсіндірді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жылы бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы бүгінде өз жалғасын тауып, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен бектілген болатын
Аталған топ аудан тұрғындарымен кездесіп, шағымдары мен ұсыныстарын назар аударатын болады.