ОТШАШУ ОПЫҚ ЖЕГІЗБЕСІН

Жаңа жыл мерекесіне де жақын қалды. Осы мереке барысында жыл сайын көптеген келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Бұл, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді пайдаланып күйіп қалу тағы басқа әр түрлі жарақаттанулардан болып жатады. Осындай жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау мақсатында, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Нұржан Күдербай мен инженер Заманбек Пернебай аудан орталығындағы сауда нысандарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы дайындалған жадынамаларды таратты.

Айталық, шетелден әкелінген, сертификаты жоқ пиротехникалық жарылғыш, жанғыш заттардың заңсыз сатылып, адам көп жиналатын орындарда, балалардың кез-келген жерде бей-берекет атып ойнауы салдарынан өрт оқиғаларына, тағы да басқа қайғылы жағдайларға жол беріліп, сонымен бірге өздерінің күйік жарақатын алу фактілері кездесіп жатады.

Нұржан Нұрланұлының мәлімдеуінше, «Жоғарыда көрсетілген жағдайларды болдырмас үшін әрбір азамат, кәсіпкерлер, мектеп қызметкерлері тарапынан балаларға бақылау жасап, қадағалап отыруды баршамыздың қауіпсіздігіміз және міндетіміз», деп түсінген абзал.

Жаңа жыл мерекесі — балалар үшін де, ересек адамдар үшін де — үлкен мереке. Бұл мейрамның көңілді болып өтуіне, көңілге кірбің түспеу үшін барлық сақтық шараларын қарастырып, іске асырған жөн.

«От жақсы қызметші, бірақ жаман қожайын» — деген мақалды естен шығармай, отты жақсы қызмет ететіндей етіп пайдаланып, оның бізге қожалық етуіне жол бермеуіміз керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.