Қыдыралыұлы ақынның 100 кітабын кітапхана қорына табыстады

Жергілікті ақынмен кездесу кеші өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған орай бүгін аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Жамбыл аудандағы Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, сатирик, балалар ақыны Бақытжан Советұлының «Өнерім өскен өлкеге» атты кездесу кеші өтті.

 

Кездесуге аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы жергілікті ақын, жазушылар, білім ордаларының оқушылары қатысты.

Жиында Ерлан Қыдыралыұлы Бақытжан Әлімқұловтың шығармашылық кеші Балалар жылына арналғанын, ақынның туындылары балаларға үлкен азық екенін айтты.

 

Кездесуде мектеп оқшылары жергілікті жазушының шығармаларынан үзінді өлеңдер оқыды. Сондай-ақ аудан әкімінің қолдауымен ақынның 100 кітабы кітапхана қорына берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.