Апта аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған «Үздік жастар ресурстық орталығы — 2022» номинациясы бойынша жарияланған байқау өз мәресіне жетті.
Нәтижесінде жүзден жүйрік атанып, ашық додаға қатысқан 12 орталықтан суырылып шыққан Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» бұл сайыстың жеңімпазы атанып, бағалы сыйлықтар, статуетка мен дипломдармен марапатталды.
Жастардың қоғамдық ой-санасын жетілдіру, шығармашылық әлеуетін арттыру жолында Жандар Тоқсаба бастаған аудандық «Жастар ресурстық орталығы» тынымсыз еңбек етуде.
Жаңашыл бастаманың жанынан табыла білетін мекеме өңір ғана емес, ауыл жастарының дамуына септесіп, қоғамдық-саяси жобаларды сәтті үйлестіріп келеді.