Таяуда Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов судьялар қауымдастығына Жамбыл аудандық сотының жаңа төрағасын таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 66 Жарлығымен Жамбыл аудандық сотына — Саржанов Жамбыл Сатыбалдыұлы тағайындалды.
Сот төрағасы лауазымына тағайындалған судья құқық қорғау органдары мен сот саласында үлкен тәжірибеге ие.
Облыстық соттың төрағасы Е.Ахметжанов төрағаны тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметіне табыс тіледі.