Қыс – қатал сыншы десек, жолдарды қардан тазалап, жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқарманың тікелей міндеті болып табылады. Облыстық маңызы 1755 шақырымы бар жолдарды қардан тазарту үшін және тұз аралас құм шашу жұмыстарына қолданатын 141 техника қар тазалау жұмыстарына кіріскен. Оның ішінде: шнекорот, құм шашып қар тазалау автомашиналары, өзі аударғыштар, автогрейдерлер, тракторлар, жүк тиегіштер және өзгеде техникалар бар. Мердігерлік мекемелермен 2800 тонна құм, 280 тонна тұз дайындалып, себілуде. Оған қоса жұмыстарды бақылау мақсатында «Жамбыл облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған.
Облыс көлемінде бұл жұмыстар қолға алынып, қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Next Post