Ауыл-аймаққа бағытталған ауқымды семинар өтуде

 

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ӨКІЛДЕРІ — ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА

Жамбыл облысына келген ҚР мемлекеттік органдар өкілдері (Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктері) жұмыс сапарын Жамбыл ауданынан бастап, ауқымды семинар өткізді.
М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінде өткен семинарда облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров семинар тақырыбы «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» екінін алға тартып, мемлекеттік орган өкілдерін көпшілікке таныстырды.
Семинарда сөз алған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов тұжырымдаманың негізгі мақсаты ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеру, тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталғанын атап өтіп, ауыл-аймаққа жасалып жатқан игіліктер мен алдағы жоспарларды тілге тиек етті. Елді-мекендердің ажарын ашуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ерекше назар аударып отырғанын жеткізді.
Сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдеріне «Ауыл — ел бесігі» жобасының, «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы баяндалды.
Семинарда тұрғындар сұрақтарына, талап-тілектеріне жауаптарын алды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.