Бесағаштық тұрғындармен кездесу өтті

ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБАНЫҢ НӘТИЖЕСІ ЗЕРДЕЛЕНУДЕ

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов Бесағаш ауылдық округтерінің шаруа қожалық басшылары және ауыл кәсіпкерлерімен кездесу өткізуде.
Кездесуде 2023 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық, ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту және шаруашылықтардың қажетті тұқымымен қамтылуы, су балансы және пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы (егістік, жайылым) жерлер туралы және сыбайлас жемқорлықтын алдын алу шаралары, мемлекет тарапынан беріліп жатқан қолдаулар, жаңа ауыл шаруашылық бағдарламалар бойынша және азық түлік дүкендерінде бағаны тұрақты ұстау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың талап-тілегі ескерілді.
Сондай-ақ 2019 жылы «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасына Бесағаш пен Түрксіб ауылы еніп, 2,5 пайызбен несие алған.
Ербол Жұмабекұлы «Іске сәт» корпоротиві мен ауыл әкімінің жоба бойынша баяндамасын тыңдады.

Сонымен қатар, аудан әкімдігі ауылшаруашылық, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жер қатынастары бөлімі тарапынан жобаның шарапатын көріп отырған азаматтардың ауласындағы жұмыстар зерделенуде

Leave A Reply

Your email address will not be published.