Бүгінде мемлекет тарапынан ауыл-аймаққа жасалып жатқан игіліктер жетерлік. Мысалға Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 70 жыл күткен Ерназар ауылына газ желісі пайдалануға берілді.
Бүгінде бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, аудан орталығынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Көлқайнар ауылына табиғи газ қолданысқа берілді.
Ауыл әкімі Асылбек Қонаровтың айтуынша, Байзақ ауданымен шекаралас жатқан Көлқайнар елді мекені ауыл болып аталғалы табиғи отынның қызығын көрмеген.
— Көлқайнар ауылында 18 үй, 64 адам тұрады. Көптен бері аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлына ауыл азаматтары табиғи отынның мәселесін көтеріп жүрген болатын. Бүгінде бұл өтініш өз шешімін тауып отыр. Ауылдықтар аулаға жүргізілген газ құбырына қосылуда, — дейді Асылбек Серікұлы бізбен әңгімесінде.
Жалпы аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаевтің сөзінше, «Таразстрой – 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 19 млн 870 мың теңгеге 2 шақырым 588 метр газ құбырын жүргізген.
Бүгінде қатты отынның машақатынан құтылған ауыл тұрғыны ауыл азаматтарының Қалмұрат Амандосов қуанышын жеткізді.
— Ауылда тұрғандар жақсы біледі қыс мезгілі қиындыққа толы екенін. Төрт-түліктің жем-шөбі, қыстан қысылмай шыққанан бөлек, баспананың жылытудың өзі әжептеуір жұмыс. Оның үстіне көмір жағып, әбігерге түсеміз. Бүгінде аулалар газға қосылып жатыр. Ауылдықтардың қуанышында шек жоқ, — дейді ол бізбен әңгімесінде