Жамбыл ауданы бойынша аудандық мәндегі жолдар аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меншігінде болып табылады. Қар жауған сәтте және кейінгі күндері аудандық мәндегі жолдарға инертті материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілген болатын.
Бүгінде Сеңгірбай, Шайдана, Пионер, Тастөбе, Аса ауылдарына қайталап құм аралас тұз себу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы аталған бөлімнің басшысы Мақсат Үсенбаев:
— Қыс мезгіліне дайындалған техникалар бүгін тағы жолға шықты. Бастысы — жолаушылар қауіпсіздігі. Ауылдарға апаратын жолдарға инертті материал себілуде. Алдағы күндері Ш.Ниязбеков, Бірлесу-Еңбек, Шоқай, Өрнек, Ерназар, Қаракемер және басқада елді мекен бағытындағы жолдарға құм аралас тұз себу жұмыстары жүргізілетін болады, — дейді ол.