Қала әкімі VII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарына алғыс білдірді
Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков VII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті.
🔷Шаһар басшысы VII шақырылымның экс-депутаттарына өңірдің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне үн қосып, саяси және экономикалық реформаларды жүргізуге белсенді атсалысып, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз еткен табысты жұмыстары үшін алғысын білдірді.
– «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 2022 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында ойдағыдай нәтижеге қол жеткіздік. 2 жылдың ішінде қалалық мәслихат депутаттары тарапынан қала әкіміне, орынбасарларына, мемлекеттік органдардың, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына 130-дан астам депутаттық сауалдар жолданған екен. Мәселен, Төле би даңғылы, №4, 8 жатақханаларды күрделі жөндеуден өткізу, «Қызыл Абад» алқабына ауыз су тарту, Ташкент көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу сияқты бірқатар мәселелер оң шешімін тапты, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.
🔷Бұдан кейін шаһар басшысы қалалық мәслихат хатшысы Батырбек Құлекеевтің осы уақытқа дейін атқарған жұмысына ризашылығын білдіріп, иығына шапан жапты.
Өз кезегінде Батырбек Әбдірәсілұлы елдік мүдде жолында елеулі еңбек еткен депутаттар мен әрдайым қолдау білдірген қала әкіміне алғысын жеткізді.
📌Айта кетейік, биылғы жылдың 19 қаңтары күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған болатын.
🔰Аким города выразил благодарность депутатам городского маслихата VII созыва
Сегодня аким города Бахытжан Орынбеков встретился с депутатами городского маслихата VII созыва.
🔷Глава города поблагодарил экс-депутатов VII созыва за успешную работу, направленную на решение актуальных социально-экономических проблем региона, за активное участие в проведении политических и экономических реформ, обеспечение стабильности и верховенство закона в обществе.
— В результате совместной работы за 2022 год мы добились немало успехов в работе по социально-экономическому развитию города. За 2 года депутатами городского маслихата в адрес акима, заместителей, руководителей государственных органов, исполнительных органов направлено более 130 депутатских запросов. Таким образом, в положительном направлении были решены такие вопросы как, капитальный ремонт общежитий №4 и №8, расположенных по пр. Толе би, подведение питьевой воды к массиву «Кызыл Абад», проведение капитального ремонта ул. Ташкентской, – отметил Бахытжан Амирбекович.
🔷Далее глава города поблагодарил секретаря городского маслихата Батырбека Кулекеева за проделанную работу и надел на его плечи чапан.
В свою очередь, Батырбек Абдрасилович выразил слова благодарности и признательности депутатам, трудившихся на благо народа не покладая рук, и акиму города, поддерживающего его работу.
Напомним, 19 января текущего года Указом Главы государства Касым-Жомарта Токаева досрочно прекращены полномочия маслихатов всех уровней.