Жамбыл аудандық полиция бөлімі — интернет алаяқтарынан сақ болуды ескертеді!
🔸Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі – интернет алаяқтық қылмысы болып отыр.
✅ Аталған қылмыстың алдын алу аясында аудандық полиция бөлімі тарапынан аудан аумағындағы білім ошақтарында түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, қоғамдық орындар да, дүкендер мен ғимараттарда жандыма парақшалары ілініп тұрады.
🔰 Айта кетейік, интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді әрекеттерге барады. Сондықтан осы мағұлматтарды ұмытпаңыздар!
Құрметті аудан тұрғындары!
📢 Жоғарыда аталған сақтық шараларына жіті мән беріп, интернет-алаяқтарының арбауына түсіп қалмауды ескертеміз.
Жамбыл аудандық полиция бөлімі