Халықтың 90 пайызы вакциналанды

32 миллионнан аса тұрғыны бар Малайзияда халықтың 90 проценті коронавирусқа қарсы вакциналанды. Ал жұқпалы дертке қарсы екпенің бірінші дозасын алған қарттардың саны 98 процентке жеткен.

Бұл туралы осы елдің Ковид-19-ға қарсы екпені жеткізу бойынша арнайы комитеті мәлімдеді.

Билік бұл жетістік елде індетке қарсы шектеулерді жеңілдетуге мүмкіндік беретінін айтады. Бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы толық егілген тұрғындарға бір штаттан екінші штатқа баруға және шетелге арнайы құжатсыз сапар шегуіне рұқсат етілген. Алайда елге келетін шетелдіктерге карантин тәртібі сақтала бермек.

Айта кетейік, Малайзияда індет басталғалы 2 миллион 300 мыңнан аса адам вирус жұқтырған.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.