Жуырда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ҚР Парламент Мәжілісі мен облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіндігін айтқан болатын. Бұл ретте, жергілікті жердегі атқарушы биліктің саяси науқан алдындағы дайындығы үлкен маңызға ие.
Сол себепті де бүгін Шу ауданы әкімі аппараттық кеңесте өңірдегі сайлау учаскелерінің дайындығы мен аудан тұрғындарының саяси науқаннан тыс қалмауына қатысты мәселелер жан-жақты қаралып, талқыланды.
Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібековтің төрағалығымен өткен кеңесте үстіміздегі жылдың ақпан айында аудандағы 4 ауылдық округтің әкімдері сайланатынын атап өтті өңір басшыс.
Осыған орай, жергілікті тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары да жоғары деңгейде ұйымдастырылуы және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да саяси науқаннан шет қалмауы, өзге де сайлаушыларға ыңғайлы жағдай жасау сынды мәселелер қаралды.