ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ІІ (ҚАЛАЛЫҚ) КЕЗЕҢІ
Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназия кешенінде республикалық олимпиаданың ІІ (қалалық) кезеңі басталды. Олимпиада 9-11 сынып оқушылары арасында физика пәні бойынша өтуде. Жас білімпаздарға Тараз қаласының білім бөлімінің басшысы Раушан Пернешқызы сәттілік тіледі.
Жарысқа физика пәнінен барлығы 117 оқушы қатысуда. Әр қатысушы үшін жеке компьютер және веб камера бекітілген.
Ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету үшін олимпиаданың өту процесі онлайн режимінде «youtube» желісі арқылы жүргізілуде.