Мұз айдынында сақ болыңыз!

Су айдындарында мұз қатқанымен, әлі де қауіпті. Бірақ, бұған қарап жатқан балықшылар жоқ.

Аудандағы «Талас» су қоймасына жергілікті және сырттан балықшылар көптеп жиналуда.

Осы орайда, Жамбыл аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жиі рейд өткізіп, балықшыларға сақ болуды ұдайы ескертіп отырады.

Осындай рейдтердің бірі бүгін өткізіліп, 94 балықшыға мұз үстінде балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және құтқару арқандарын міндетті түрде алып жүру туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылды.

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Мұз үстінде балық аулау кезінде белгіленген қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды сұраймыз.

Қалыңдығы жұқа, қатпаған мұзға шығуға болмайды; Жағалауларда және ағындарда мұздың қалыңдығы әлсіз болады; Мұзда адамдардың бір-бірімен ара қашықтықты сақтауы маңызды; Мұз үстіне көлікпен шығуға тыйым салынады; Балық аулау кезінде алкоголдік сусындардан бас тартыңыз. Жас балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Нұржан Күдербай, Жамбыл аудандық ТЖБ аға инженері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.