Терроризмге қарсы комиссия аппаратының отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық терроризмге қарсы комиссия аппараты мен жұмыс тобының жетекшісі Самат Селеубаевтың төрағалығымен терроризмге қарсы комиссия аппаратының отырысы өткізілді.

Оған аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия аппараты мен жұмыс тобының құрамы және ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы 2023 жылға арналған профилактикалық іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы» және «Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысын ұйымдастыру туралы» мәселелері қаралды.

Аталған екі мәселе бойынша аудан әкімінің бас инспекторы, аудандық терроризмге қарсы комиссия аппаратының хатшысы Қуат Ошақбай баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша жұмыстарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.