Аурухана қызметкері — аймақ атын асқақтатты

ТӨЛЕБЕКОВ – БІРІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жаңа Қазақстан:Жастар саясатының үздігі» атты республикалық байқауына қатысқан Жамбыл аудандық орталық ауруханасының қызметкері Ержан Төлебеков I дәрежелі дипломның иегері атанып, аудан атын асқақтатты.

Болашағынан үлкен үміт күттіретін ақ халатты абзал жан туралы жағымды жаңалықты аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Сәуле Конкашева бөлісіп, арнайы құттықтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.