Аймақ басшысы Мойынқұм ауданына барды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар ірі кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты.

 

📍 Алдымен «Жамбыл цемент» өндірістік компаниясы ЖШС-не барған аймақ басшысына кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды.

 

🔹 Облыс әкімі келесі кезекте «Компания Мың-Арал» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Балықты мұздату және өндеумен айналысатын зауыт 2014 жылы іске қосылған.

 

🔹 Балық зауыты жылына 1500 тонна балық ресурстарын өңдеуге қуатты. Кәсіпорында 2021 жылы 133,6 тонна және өткен жылы 122 тонна балық өнімдері өндірілді. Мұнда 30-дан астам еңбек етеді.

 

🔹 Бұдан соң Нұржан Нұржігітов Мыңарал ауылындағы Самал қалашығында Мойынқұм ауданы аумағындағы өндірістік кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізді.

 

— Мемлекет кәсіпкерлік субъектілерін қашанда қолдауға дайын.

«Қарапайым заттар экономикасы», «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде ұлттық валютада несиелер беріліп және пайыздық ставкалар субсидиялануда.

2022 жылдың 1 қыркүйектегі Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ерекше атап өтті.

Кәсіпорындағы қызметкерлер мен қарапайым жұмысшылардың жалақасын көтеру, еңбек өнімділігін арттыру, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесіне көңіл бөлу аса маңызды,-деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

 

✅ Өз кезегінде кәсіпорын басшылары да өзекті сауалдарын жолдап, жауаптар ала білді. Көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарастыру бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктелді.

 

➡️ Толығырақ zhambyl.gov.kz сайтында

Leave A Reply

Your email address will not be published.