Еgov.kz – ақпараттық-коммуникациялық инновациялар есебінен мемлекеттік биліктің ел халқымен өзара іс-қимылын жеңілдету үшін әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің прогрессивті құрылымынан тұратын портал.
Ашық үкімет дегеніміз не? Ашық үкіметтің мақсаты – ашық және халық алдында есеп беруге міндетті мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану.
«Ашық деректер» порталы. «Ашық деректер» порталы (data.egov.kz) – ашық үкімет компоненттерінің бірі, мүдделі азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан шығатын әртүрлі деректер жиынтығымен толық қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Іңкар Сүлеймен, Жамбыл аудандық ХҚКО жетекші маманы.