Қазақстан сандық технологияны күнделікті қоғамға толықтай енгізу үшін түрлі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Солардың бірі әрі бірегейі – «электронды үкімет» жобасы.
Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының азаматтары egov.kz порталы арқылы 12 түрлі сала (отбасы, денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қамтамасыз ету, азаматтық, миграция және иммиграция, жылжымайтын мүлік, салықтар мен қаржылар, құқықтық көмек, көлік және коммуникациялар, туризм және спорт, әскери есеп және қауіпсіздік) бойынша ақпарат ала алады. Сонымен қатар, анықтамалық құжаттарды шығарып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Егер сізге тұрақты тіркелген мекенжайыңыз туралы немесе отбасылық жағдайыңызды дәйектейтін анықтама керек болса, оны интернет арқылы жылдам әрі тегін алуға мүмкіндігіңіз бар.
Азаматтардың сұранысына орай, соңғы бір күнде электронды үкімет порталында «мекенжай анықтамасын алу», «дәрігер қабылдауына жазылу» және «жеке тұлғаның мекенжай деректерін тексеру» қызметтеріне ең көп өтініш берілген.
«Электронды үкімет» веб-порталы проактивті (өте белсенді) мемлекет құрудағы Қазақстанның алғашқы қадамдарының бірі. Одан бөлек, елімізде сандық технологияны дамытуда бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Оларға алдағы уақытта кеңінен тоқталып өтпекпіз.
Іңкар Сүлеймен, Жамбыл аудандық ХҚКО жетекші маманы.