💻«Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану» мемлекеттік қызметі eGov.kz порталы мен eGov Mobile-да қолжетімді
Қызмет соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану және тоқтату туралы өтініш беруді көздейді. eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында банкроттыққа өтінішті борышкердің өзі ғана бере алады.
❗️eGov.kz порт️алында және eGov mobile қосымшасында өтініш бермес бұрын құжаттардың толық пакетін жинау керек. Қызметке өтінім беру үшін екінші деңгейлі банктерден қажетті растамаларды алу қажет.
Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін:
— Банкрот деп тану туралы соттан тыс арыз беру шарттарының сақталуын растау;
— некеде болу жағдайында жарының ЖСН-ін көрсету;
— несиелер бар қаржы институттары туралы мәліметтерді толтыру;
— салық органын көрсету және құжаттардың көшірмелерін қосу;
— АӘК алушы болса, белгі қою;
— егер міндеттемелерді орындау мерзімі 5 жылдан астам болса, белгі қою;
— өтінішке бір реттік құпия сөз немесе ЭЦҚ арқылы қол қою керек;
— өтінішті жібергеннен кейін өтініш берушінің жары Жеке кабинетте өтінішті мақұлдайды.
*Қызмет нәтижесі 15 жұмыс күні ішінде Жеке кабинетте шешімге сілтеме түрінде пайда болады. Шешімді ҚР ҚМ сайтынан қарауға болады. Соттан тыс банкроттық рәсімі 6 айға дейін созылады.
Іңкар Сүлеймен, Жамбыл аудандық ХҚКО жетекші маманы.