Жолшылар әулетін жалғастырушы аруды құттықтап барды

Халықаралық әйелдер күні мерекесінде облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов пен облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов @m.saurykov ҚР Құрметті жолшысы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Айжан Тұғанованы төл мерекесімен арнайы барып құттықтап, сый-құрмет көрсетті.
Айжан Тұғанoва — жолшылар әулетінің ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, үшінші буындағы жолшы маман.
Еңбек жолын 2000 жылы өндірістік-техникалық бөлімінде жетекші маман лауазымынан бастаған.
Жол саласындағы еңбек өтілі — 23 жыл. Жол аруы жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын еліміздегі аса маңызды жолдардың құрылысына белсенді қатысқан білікті маман. Мәселен, Айжан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің құрылысына атсалысты. Қазір «Меркі-Бұрылбайтал» республикалық маңыздағы күре жолының құрылысына жетекшілік етуде.
Төл мерекеде ескеріп, арнайы келген азаматтарға алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.