Улы газ — өте қауіпті !

Жамбыл ауданы тұрғындарының назарына.

Улы газдың ең қорқынышты қасиеті оның ешқандай иісі жоқтығында, демек ауада оның буының бар — жоқтығы арнайы жабдықсыз анықтау қиынға соғады. Ал ол кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Бұл үшін кез-келген жану процессінің болуы жеткілікті. Егер жану ошағының жанында оттегінің қоюлануы жеткіліксіз болса, онда улы газдың қалыптасуына барлық мүмкіндік бар. Улы газбен улану күтпеген жерде болады, себебі зардап шегуші біраз уақыт оның буымен тыныс алғанын мүлдем сезбейді.

Улы газбен уланудын белгілері: бастың айналуы және бастың ауруы, сананың бұлдырауы, тұншығу, бұлшық еттердің әлсіреуі, құлаққа шудың естілуі, лоқсу, құсу, ұйқышылдық болып табылады. Кейде керісінше, аз уақытқа қозғалыстың белсендеуі, артынан қозғалыс үйлесінің бұзылуы, сандырақтау, галлюцинация, естен тану, тырысу, ессіз күй тыныс алу орталығының сап болуынан қаза болу. Егер зардап шегушінің тыныс алуын дер кезінде таза ауамен қамтамасыз етпесе, оның қайтыс болуы әбден мүмкін. Улы газбен қатты улану оқиғадан кейін 15-20 күн өткеннен кейін де өзі туралы жағымсыз түрде еске салуы мүмкін.

Нұржан Күдербай, аудандық ТЖ бөлімінің аға инженері

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.