Мониторингтік топ емханаға арнайы келді
Жуырда Алматы қаласындағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Оксана Шатковская, аталған білім ордасының професоры, момология бөлімшесінің меңгерушісі Әлия Абдрахманова және облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының методист дәрігері аудандық емханаға жұмыс сапарымен келді. Республикалық мониторингтік топ мүшелерін аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Сәуле Конкашева қарсы алып, емхананың мүмкіншілігімен, көрсетілетін түрлі деңгейдегі қызметтермен: онкологиялық пациенттердің бағытын, тексеру бөлмелерінің бағытырын (жасыл дәліз) таныстырып өтті.
Сондай-ақ топ мүшелері аудандық онколог Досмұхан Атамбайдың жұмыс процесімен танысып, онкологиялық пацинттерге көрсетілетін қызметтерді көрді.
Топ мүшелері емхана дәрігерлерінің тұрғындарға көрсетіп жатқан қызметтеріне оң бағасын берді