Қазақстандық жүргізушілер кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында көлігін заңдастыруға өтініш бере алады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында цифрлық даму министрлігі ішкі істер министрлігімен бірлесіп, азаматтарға қызмет көрсету жұмысын жүзеге асырып жатыр.
Заңдастыру барысында ең алдымен көлік деректерін тексеруге eGov порталы арқылы өтініш беру керек. Компьютерге қол жетімділігі жоқ автокөлік иелері елдің кез келген ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету секторында өтініш бере алады. Автокөліктің тіркеу деректері қатесіз толтырылуға тиіс.
Мақұлданған жағдайда автокөлікті тексеру үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына онлайн кезекке тұру қажет.
Іңкар Сүлеймен, Жамбыл аудандық ХҚКО жетекші маманы