Жамбыл ауданында 35 сайлау учаскесі жұмыс жасауда

Алғашқы дауыс берген ауыл қариясы тіркелді

Бүгін – елімізде айтулы күн.

Кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде.

Жамбыл ауданынан 35 сайлау учаскесі өз жұмысын Әнұранмен бастап, таңғы 07:00 есігін ашты. Өңірде 52080 сайлаушы тіркелген.

Аудан азаматтары таң сәріден сайлау учаскелерінен табылуда. 2393 сайлаушысы бар Жамбыл ауылдық округіндегі №163 сайлау учаскесінде алғаш дауыс берушіге сыйлық табыс етілді.

Танта ауылының ақсақалы

Иманалиев Жанат өңірдегі ең алғашқы дауыс беруші болып тіркелді.

Ауыл қариясы ақ батасында беріп, елдегі айтулы күн әділ өтуін тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.