Туған күнінде өз таңдауын жасады

 

Ел азаматтары айтулы күндегі саяси науқанға белсенді қатысуда.

Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына Жамбыл ауданынан 35 сайлау учаскесі өз жұмысын Әнұранмен бастап, таңғы 07:00 есігін ашты. Өңірде 52080 сайлаушы тіркелген.

Аудан азаматтары таң сәріден сайлау учаскелерінен табылуда.

1994 сайлаушысы бар №149 сайлау учаскесінде туған күнінде дауыс берген 18 жастағы Г.Абумуталиев алғашқылардың бірі болып тіркелді.

Ол бұл науқан елімізге үлкен өзгеріс әкелетініне сенімді екеніндігін жеткізді.

Алғашқы дауыс берушіге сыйлық табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.