Мен алғаш ауылдарды аралап, өз сайлауалды бағдарламаларын ұсынған аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлерді көріп қуанған едім. Бүгін, міне сол кандидаттардың сайлауда бағы жанатын кезі. Сондықтан да мен ерте бастан келіп халық жанашыры, қалаулысы атанатын азаматқа дауыс беріп отырмын. Ұйымдастырушы органдар барлық жағдайды жасап қойыпты, өзім жасым келген ел анасымын, кіріп-шығуыма да қолайлы жағдай жасалған. Жалпы, сайлау ол ел болашағын айқындайтын кезең ғой. Сондықтан да көпшілік осындай кезеңде үйде отырып қалмай, азаматтық міндетін орындаса екен деймін
Райкүл Омарова,
Ардагер ұстаз
Prev Post
Next Post